Орақ БАЙДАЛЫҰЛЫ
1822 жылы Маңғыстауда туған. Әнші, ақын, сазгер, палуан, халық батыры. Айтулы ақын Абыл Тілеуұлымен аталас-туыстас, ауылдас болған. Абылдан өнеге алып, соңынан ерген.
Абыл, Махамбеттердің ақындық рухында тәрбиеленіп өскен Орақ кейін патша үкіметінің отарлаушылық саясатына қарсы Маңғыстаудағы Досан Тәжіұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің басшыларының бірі болады. Түрмеге түсіп азапталып, одан қашып шығады. Ел арасында жүре алмай, түрікмен ішін паналайды. Бірақ елді сағынған Орақ арада жеті жыл өткесін Маңғыстауға қайтып келгенмен, тағы да қудалауға түсетін болғандықтан туған жерді талақ етіп, үйін өзі пана тапқан жағына көшіріп әкетеді. Қалған ғұмырын түрікмен топырағында өткізіп, жасы 87-88-ге келген шағында дүниеден өтеді. Мүрдесі Көне Үргеніш қаласының маңындағы Шикәбір (Күбіре-шейх) зиратына қойылған.
Өмірінің көп бөлігін қуғын-сүргінде өткізген өнерпаз жанның сөз мұралары бізге жетпей қалған.
Дереккөзі: 1. Қ.Сыдиықов. Ақын-жыраулар. Алматы, 1974.
2. Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.