Смағұл КЕНЖӘЛІҰЛЫ
Әнші, сазгер, Маңғыстау өңіріндегі Жыңғылды мекенінде туып-өскен. Атақты шежіреші Алшын Меңдалыұлы мен айтулы жыршы-күйші Шамығұл Ыбырайымұлының естеліктерінде асқан әнші ретінде бағаланады. «Шайыр жеріндегі Әндеме бұлағының басында отырған ауылдан салған әні Жыңғылдыдағы ауылдарға естілетін еді» деп әңгімелейді екен аты аталған қарттар. Отыз үш жасында тіл тиіп өлген.
Әншінің артында қалған «Әләушан», «Сусар-ай» әндерін А.Меңдалыұлынан үйреніп, жеткізуші – Ізбасар Шыртанұлы.
Дереккөзі: 1. Сегіз арыс Адайым. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2015.
2. Маңғыстау әуендері. Жинақтаған – І.Шыртанов. Ақтау, 1994.