Шолтаман БАЙСАРЫҰЛЫ
«Адайдың жеті қайқысының» бірі, дауысы күншілік жерге жеткен әнші, сазгер.
Шолтаман әнші Мәтжан бидің, Саламаттың Сарбасы мен Дәулеталы Қоштай мырзалардың қасына ерген. Өмірінің көбін ел аралап, көпке өнерін паш еткен адам ретінде халқы ардақтаған өнерпаз ұлдарының бірі. Мәтжан би Шолтаманды қасына ертіп, өнерін шыңдаған, алқаға шығарып, елге таныстырған.
Шолтаманның күйші Дәулеталы Мамай Барақұлы екеуі бірі күй тартып, бірі ән шырқап, жоғары Жем бойындағы тойда тарихи өнер көрсеткені туралы дерек бар.
Шолтаманның «Талкеме» («Дәләйшім» немесе «Дәләйлім» деп те айтылып жүр), «Дөңасар», «Сарыөзен» әндері белгілі. Соңғы уақытта оның «Үш бунақ» дейтін әні табылды.
Дереккөзі: 1. А.Тілегенов. Адайдың жеті қайқысы. Алматы, 2001.
2. Сегіз арыс Адайым. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2015.
3. Е.Жаманбайұлы. Ел еркесі екеу ғой. «Маңғыстау» газеті, 1990.
Фотодерек: А.Тілегенов.