Maqamsaz

Жылгелді ТЕҢІЗБАЙҰЛЫ

«Адайдың жеті қайқысының» бірі, ақын, әнші-күйші, жыршы.

1855 жылы Маңғыстаудың Шайыр ауылына жақын маңдағы Сарыой жерінде дүниеге келген. Кеңес өкіметінің Маңғыстаудағы 30-жылдардағы ойранында көршілес Түрікменстанға қоныс аударған. Сол жақта, Красноводск ауданының Кулы-Маяк деген жерінде 83 жасында пәниден өткен.

Жылгелді халқына аса үздік әнші-сазгер ретінде танылған адам. Ел арасында оның «Ағзер», «Ағибаш», «Сағыныш», «Құнан нар» деген әндері өлмес мұраға айналды. Сондай-ақ оның жыр-толғаулар шығарған ақын екенін дәлелдейтін «Жұт итке» (1910 жылғы) шығарған толғауы бар.

 

Дереккөзі: 1. А.Тілегенов. Адайдың жеті қайқысы. Алматы, 2001.

2.Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.

Фотодерек: А.Тілегенов

Шығармалар:

00:02:30

Құнан нар

Жылгелді ТЕҢІЗБАЙҰЛЫ