Maqamsaz

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ

Маңғыстауда өткен ақпа-төкпе қазақ ақыны. Абыл мен Нұрым, Қалнияз бен Қашаған дәстүрімен озбырлық пен менмендікті әшкерелеп, бұқара арманын жырлайды. 15-16 жасынан айтысқа түсіп, «ақын» атанады. 1898, 1910 жылдардағы жұт сұрапылы мен 1916 жылғы патша жарлығы кезіндегі бұқара хәлін толғайды. Патшалық езгіге қарсы халық күресін бейнелейтін «Досан батыр» дастанын шығарып, ел арасына таратады.

Сәттіғұл Алматыда өткен көркемөнерпаздар байқауына (1937), Москвадағы Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінің ашылу салтанатына (1939), Қазақстан Жазушылары мен халық ақындарының екінші сьезіне (1939), Абайға арналған мәжіліске (1954) қатысқан, Жазушылар Одағы мүшелігіне 1957 жылы қабылданған. 1961 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен Сәттіғұлға «Халық ақыны» атағы беріледі.

Әдеби мұралардан Абыл, Ақтан, Елбай, т.б. ақындар жырын бүгінгі ұрпаққа табыс еткен ақын. Сәттіғұлдың өмір, заман, дүние, тағдыр туралы жырлары Қазақстан, Орта Азия елдеріне кең тараған. Жыршылар, термешілер репетуарында жиі айтылады.

 

Дереккөзі: Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.

Фотодерек: Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты

Шығармалар:

00:16:28

Мүштарих

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ

00:08:14

Емберді мырзаға

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ

00:05:20

17 бай мырзаға

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ

00:08:50

Досан батыр

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ

00:12:59

Төрт Назарға

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ

00:03:04

Мәскеу сапары

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ

00:11:01

Насихат сөз

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ

00:09:60

Харазымдағы елге

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ

00:02:44

Тобаниязға

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ

7:37

Абдолла, Әбді хазіреттерге

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ