Maqamsaz

Абыл ТІЛЕУҰЛЫ

Абыл Тілеуұлы ақпа-төкпе ақберен сөз зергерлерінің, Қазақстанның батыс аймағындағы өнер ортасының көрнекті өкілдерінің бірі. Маңғыстау түбегінің Бозашы мекенінде 1777 жылы туып, туған топырағында 1864 жылы 87 жасында дүниеден өткен.

«Қырымның қырық батыры», ноғайлы жырларын әуелі Сыпыра жырау, Өгізбай, одан кейінгі дәуірде Абыл жырлап, Қарасай, Қалнияз, Нұрымдарға ұластырған. Олар арқылы Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Мұрын, Нұрпейістерге жеткен. Абыл – Махамбет, Шернияз, Есенбақ, Нұрым сияқты атышулы сөз шеберлерімен риясыз достасып өткен. Сондай-ақ қоныс жақындығын пайдаланып түрікмен классигі Мақтымқұлымен, қарақалпақтың Қаңлы руынан шыққан ақын қыз Ақтажымен сапарлас болған.

 

Дереккөзі: Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.

Фотодерек: А.Тілегенов.

Шығармалар:

00:07:18

Абылдың әліппесі

Абыл ТІЛЕУҰЛЫ

00:00:00

Тойбастар

Абыл ТІЛЕУҰЛЫ