Maqamsaz

Қалнияз ШОПЫҚҰЛЫ

Қалнияз Шопықұлы 1816 жылы Маңғыстау түбегіндегі қазіргі Бейнеу ауданының Сам жерінде дүниеге келген.

Маңғыстау өресінен шыққан әйгілі ақын-жыраулар Абыл мен Өгізбай, Нұрым мен Қашаған, Ақтан мен Аралбай қатарында халық аузында Қалнияз да аталады. Бірақ, басқаларынан Қалнияздың бір өзгешелігі, ол көбіне жауынгер, жорықшыл ақын ретінде әйгіленеді. Соңғы уақытта оның күйлері мен жыр күйлері (мақам-саздары) де табылып жатыр.

Қалнияз ақын Маңғыстау қазақтарына әлденеше рет Хиуа тараптан жасалған шапқыншылықтарды тойтарумен бірге, Маңғыстау қазақтарының патша отаршылдарына қарсы Тәжіұлы Досан батыр бастаған халық көтерілісінің бел ортасында жүрген. Көтеріліс жеңіліспен аяқталғасын бір бөлек елмен туған жерден ығысып, әуелі Бесқала өңіріне, кейін, шамамен 1878 жылдары Тәжікстанға қоныс аударып кеткен. Сол жерде жүріп те, жергілікті түркітілдес, жаужүрек лақай тайпасымен бірігіп, патша өкіметіне қарсылығын тоқтатпаған. 1902 жылы Тәжікстанның Ысар деген жерінде қайтыс болған.

 

Дереккөзі: Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.

Фотодерек: А.Тілегенов.

Шығармалар:

00:04:26

Тойбастар

Қалнияз ШОПЫҚҰЛЫ

00:01:60

Ата қоныс Нарында

Қалнияз ШОПЫҚҰЛЫ

00:02:13

Қожалақ батырға

Қалнияз ШОПЫҚҰЛЫ

00:01:26

Жорық күйі

Қалнияз ШОПЫҚҰЛЫ

00:02:22

Нар идірген

Қалнияз ШОПЫҚҰЛЫ