Бәйімбет ТЕЛЕУҰЛЫ
Кейінгі ұрпаққа есімі «Қамысбай Бәйімбет палуан» атанып жеткен Бәйімбет Телеуұлы – заманында жауырыны жерге тимеген палуан, ел басқарған болыс, сөз шығарған ақын, қара қылды қақ жарып билік айтқан шешен-би болған.
Бәйімбет 15 жасынан бастап алқада ортаға шығып 37 жасына дейін күрескен. Күресті қойғаннан кейін ел басқару ісіне араласып, билік айтқан. Сегіз жыл Төлеке ауылының болысы болған, содан кейін өз еркімен болыстықты қойған. Өле-өлгенше ел арасындағы талай даулы істерді шешуге араласқан. 1931 жылғы аласаттың тұсында қайтыс болған.
Дереккөзі: Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.