Maqamsaz

Өришан ДАРҚАНҰЛЫ

1863 жылы Маңғыстауда туған, ақын, сазгер, ел басқарушы, би. Адайдың Қосайынан таралатын Бәли ауылының перзенті.

Өришан Дарқанұлы Маңғыстау өңірінде аты аңызға айналған тұлға, ескіше оқыған сауатты, кезінде Бәли аулының болысы болған, халыққа әділдігімен танылған би. Патша өкіметінің тұсында да, кейін кеңес заманында да үкімет тарапынан көп қудалауға түскен. Патша өкіметі оны Сібірге жер аударған. Сол жақтан («итжеккеннен») жаяу қашып елге жетеді. Отызыншы жылдардағы асыра сілтеу науқаны кезінде ол «Халық жауы» ретінде айыпталып, көзі құртылады.

Өришан, сонымен бірге, өзі ақындығымен бірге өнер сыншысы да болған жан. Оның атақты Әли Тауанның асында, т.б. да жиындарда өткен жыршылар сайысында әділқазылық еткені, билігіне ел разы болғаны ел жадында ұмытылмай сақталып бізге жеткен.

Бүгінде Өришанның жыр күйін домбырашылар орындап жүр.

 

Дереккөзі: Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.

Шығармалар:

00:03:05

Қоштасу

Өришан ДАРҚАНҰЛЫ

00:02:02

Өришанның жыр-күйі

Өришан ДАРҚАНҰЛЫ