Ыбырайым ахұн ҚҰЛЫБАЙҰЛЫ
Ыбырайым ахун 1886 жылы 16 сәуірде бұрынғы Маңғышлақ уезі, қазіргі Атырау облысына қарасты Ембі ауданы аумағындағы Жыңғылтоғай өңірінде дүниеге келген.
Ыбырайымның есімі діндар ғұламалығымен бірге өз жанынан жыр-дастандар шығарғанымен белгілі. Ақындық өнерін байқаған Қашаған ақын оған шапан сыйлапты деген де дерек бар.
1928 жылдан елде дін адамдарын жаппай қудалау басталғанда Байғанин атындағы ұжымшарда еңбек етіп жүрген жерінен Әулие-Ата өңіріне қоныс аударады. 1938 жылы Түрікменстанға көшіп келіп, сонда 20 жылдай еңбек етеді. 1958 жылы Шымкент облысы Мақтарал ауданындағы Иіржар ауылына қоныс аударып, өмірінің соңғы жылдарын сонда өткізеді.
Ыбырайым ахунның ақындық мұралары 1994 жылы Ақтөбе қаласында «Алтынды орда қонған жер» деген атпен жарық көрді.
Дереккөзі: Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.
Фотодерек: Алтынды орда қонған жер. Құрастырған – Р.Сағызбайұлы. Ақтөбе,1994.