Maqamsaz

Сүгір БЕГЕНДІКҰЛЫ

1889 жылы Маңғыстаудың Өгіз-Өреулі мекенінде туған. Ақын-жырау, мелодист-сазгер.

Жасынан өнерге құмар болып, 16 жасынан халық аузына ілінеді. «Қарасай-Қази», «Едігенің ескі жыры» т.б. жыр-дастандарды жырлауға машықтанады, өзі де өлең шығарып, өзіндік әуен-саздарымен ерекшеленеді. Оның «Сүгірдің термесі», «Сүгірдің жыр-сазы», «Сүгірдің әні» тәрізді әуендері ел арасында кеңінен танымал. Мұрын, Қашаған, Сәттіғұл сияқты ақын, жыраулармен дәмдес болып, олардың үлгі-өнегесін алады. Өзінен бұрын өткен ақын-жыраулардың шығармаларын елге таныстырумен қатар, оларды мадақтап жырға қосқан. Отызыншы жылдардағы зобалаңда Сүгірдің отбасы Бесқала бетіне ауады. Харазым аймағында жүріп «Мүштарих», «Жаратылыстың тарихы», «Кіші Жүздің тарихы», «Арман», «Елді сағыну», «Қоштасу» т.б. толғау-жырларын шығарады. Атамекеніне 1967 жылы оралып, 1974 жылы қайтыс болады.

 

Дереккөзі: 1. Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.

2. Т.Бекхожина. Қазақтың 200 әні (музыкалы-этнографиялық жинақ), Алматы, 1972.

Фонодерек: Сұрау (Сражадин) Достановтың жеке қоры.

Фотодерек: Форт-Шевченко қалалық мұражайының қоры.

Шығармалар:

00:08:04

Есқуатқа

Сүгір БЕГЕНДІКҰЛЫ

00:09:24

Аңдамасқа

Сүгір БЕГЕНДІКҰЛЫ

00:07:45

Сүгірдің кесікбас домбырасымен айтысы

Сүгір БЕГЕНДІКҰЛЫ

00:02:60

Мырзашөлдегі ағайынға

Сүгір БЕГЕНДІКҰЛЫ

5:13

Харазымда қалған елге

Сүгір БЕГЕНДІКҰЛЫ

6:01

Мүштарих

Сүгір БЕГЕНДІКҰЛЫ

5:28

Қосниязға

Сүгір БЕГЕНДІКҰЛЫ