Maqamsaz

Мұрат ӨСКЕНБАЙҰЛЫ

1904 жылы қазіргі Маңғыстау облысы Қарағия ауданы Жетібай ауылының маңындағы Жетібай құдығы басында туған. Күйші-домбырашы, ақын, жыршы, сазгер. Әкесі Өскенбай – «Адайдың жеті қайқысының» бірі, Маңғыстау өңіріне аты шыққан атақты күйші, мерген саятшы, ақын-жыршы.

Жеті жасынан әкесі Өскенбайдан домбыра тартуды үйренген. Белгілі күйшілер Есбай, Абыл, Сәулебай, Тазбаланың күйлерін жетік меңгерген. 1954-1960 ж.ж. Қазақ мемлекеттік филармониясында, 1960-1965 ж.ж. «Қазақконцертте» домбырашы-солист қызметін атқарған. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігіне қатысты.

М.Өскенбайұлының репертуарына түрлі тақырыпта 300-ге жуық күй енген. Сонымен қатар көптеген күйлердің, арнау, толғаулардың авторы. Қашаған, Өскенбай, Аралбай, Елбай ақындардың толғауларын халық арасына таратты. Оның репертуарындағы күйлердің бірқатары күйтабақтарға жазылған, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қорында сақтаулы.

 

Дереккөзі: А.Жаңбыршы. Күй қонып, кие дарыған әулет. Алматы, 2019.

Фотодерек: Форт-Шевченко қалалық мұражайының қоры.

Шығармалар:

00:02:26

Жарыс

Мұрат ӨСКЕНБАЙҰЛЫ

3:13

Бейбіт өмір

Мұрат ӨСКЕНБАЙҰЛЫ