Maqamsaz

Өмір ҚАРАҰЛЫ

1859 жылы Маңғыстаудың Тұщыбек ауылында туған. Ақын, сәулетші, зергер, ел басқарушы.

Өмір де аталары сияқты ел басқару ісіне араласып, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси оқиғалардан құлағдар болып, оларға өзіндік көзқарасын білдіріп отырған. Өлеңді жазып шығарған. Жасынан жиын, тойға қатысып, ақындығымен танылып, әкесі Қараның ізімен зергерлік, сәулетшілік өнер жолына түскен.

1912 жылы үш дәптер өлеңін Қазан қаласына жіберген. Бірақ «Патшам пасық, байтақ жұрт, байқасам қарым талып жүр» деген өлең жолдары үшін жарияламай, қайтарып жіберген.

Өмір халықтық тұрмыс-салт жырлары дәстүрін дамытқан, ел тағдыры туралы тебіреніп, насихаттық жырлар толғаған. «Терме», «Атасы барда арман жоқ» деп аталатын шығармалары 1985 жылы «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» жинағында жарияланған.

 

Дереккөзі:1. Тіл барында сайрайын (Адай Қырымқұл ауылынан шыққан ақын-жыраулар шығармалары). Алматы, 2012.

2. Ө.Қараұлы. Сөздің басы – бісміллә. Құрастырған – С.Құдайберген. Алматы, 2015.

Шығармалар:

00:07:36

Шалбар Оспанға

Өмір ҚАРАҰЛЫ

2:55

Ит жұты

Өмір ҚАРАҰЛЫ