Асан ӘМИНҰЛЫ
Асан – Кіші жүздің атақты биі Қалбыұлы Ғафурдың немересі. Маңғыстаудың Мырзайыр-Басқұдық мекенінде туған. Заманында ән мен жырды қанша айтса да шаршамайтын, айтқан сайын дауысы күшейе түсетін, репертуары мол өнерпаз болғаны айтылады.
1920 жылдар шамасында белгілі бір себептермен Түрікменстанға қоныс аударып, Тәжен деген жерді мекендейді. Осы жерде жетпісті алқымдаған шағында дүниеден өткен. Асан жас күнінде өзінің басынан өткен қым-қуыт оқиғаларды сазбен өрнектеп, «Айырылысар», «Бас біріккен», «Қос біріккен» деген күйлер, «Қоштасар» деген ән шығарған.
Дереккөзі: Тіл барында сайрайын (Адай Қырымқұл ауылынан шыққан ақын-жыраулар шығармалары). Алматы, 2012.