Maqamsaz

Өткелбай ҰЗАҚБАЙҰЛЫ

Белгілі жырау Ұзақбай Қазжанұлының баласы. Ұзақбай отбасы замананың зарпынан Маңғыстаудан қозғалып, Түрікменстанға үдере көшкенде, Қарабұғаз өткелінің тұсында дүниеге келген. Түрікмен елінде түрлі партия-кеңес, шаруашылық қызметтер атқарған.

1961 жылы атамекеніне көшіп келіп, Ералиев поселкесі, Өзен қаласында мұнай-газ саласында қызметтенеді. Жасы егдергесін әкесінің жолын қуып, өнерді серік етеді. Ұзақбайдың қолжазбасын араб әрпінен аударып, сондағы Қисықбастың, Қашағанның, Өмірдің, Ұзақбайдың шығармаларын жырлайды. Басынан өткен қилы тағдырын, өзі шыққан Адайдың Қырымқұл руының шежіре-тарихын өзек етіп жыр-толғаулар шығарады.

 

Дереккөзі: Тіл барында сайрайын (Адай Қырымқұл ауылынан шыққан ақын-жыраулар шығармалары). Алматы, 2012.

Шығармалар:

00:11:24

Абақтыдан елге сәлем-хат

Өткелбай ҰЗАҚБАЙҰЛЫ