Maqamsaz

Әлқуат ҚОЖАБЕРГЕНҰЛЫ

1911 жылы Маңғыстаудағы Тортының ойы деген жерде туған. Күйші, жыршы, сазгер.

Жасынан әкесінен тәлім алады. 15 жасында Қашағанды көріп, өнерге ынтасы арта түседі. 30-жылдары Түрікменстандағы қазақ театрларында жұмыс істейді. Елге оралғасын, 1954 жылдан бастап аудандық, облыстық фестивальдарға қатысып, 1956-1957 жылдары Гурьев облысы Шевченко ауданы оркестрінің құрамында өнер көрсетеді. Әлқуат ән мен күйді, жырды қатар орындаған бесаспап өнерпаз болды. «Самғау», «Қырық жыл қырқасында» т.б. төл туындылары бар.

 

Дереккөзі: Маңғыстау (энциклопедия). Алматы, 1997.

Фотодерек: Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатының қоры.

Шығармалар:

00:01:28

Салторы ат

Әлқуат ҚОЖАБЕРГЕНҰЛЫ

00:01:31

Ізбай-ақжелең

Әлқуат ҚОЖАБЕРГЕНҰЛЫ

00:01:41

Самғау

Әлқуат ҚОЖАБЕРГЕНҰЛЫ

00:02:03

Қырық жыл қырқасында

Әлқуат ҚОЖАБЕРГЕНҰЛЫ