Maqamsaz

Сақтап ҚАЗТУҒАНҰЛЫ

1906 жылы Маңғыстауда туған, күйші, сазгер.

Маңғыстау домбырашыларының арасында ешкімге ұқсамайтын орындаушылық мәнерімен, күрделі техникасымен танымал өнерпаз. Қызылөзен ауылындағы Т.Шевченко атындағы балықшылық колхозы көркемөнерпаздар ұжымының құрамында Гурьев (Атырау) облыстық колхоз, өндіріс мекемелері аралық көркемөнерпаздар коллективтерінің бірінші байқауына қатысады.

Сол жылы жазда Гурьев қаласында өткен көркемөнерпаздар коллективтерінің шығармашылық есеп беру концертіне Шевченко ауданының атынан қатысып, «Ақсақ құлан», «Ортеке» күйлерін орындайды. Оның ағаштан жасалған жәшік үстіне үш құланды ойнатуын жұртшылық ризашылықпен қабылдайды. Осы сапарда Сақтапқа алтын сағат сыйға берілген.

 

Дереккөзі: Р.Қарғабай. Ақкетік – өнер ордасы. Алматы, 2018.

Фотодерек: Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатының қоры.

Шығармалар:

00:01:08

Каспий толқыны

Сақтап ҚАЗТУҒАНҰЛЫ