Maqamsaz

Зәкәрия САҒЫНДЫҚҰЛЫ

1893 жылы дүниеге келген. Ескіше хат таныған сауатты Зәкәрия тек қана өлең-жыр шығарып қоймаған, өзіндік жыр-сазы бар жыршы-домбырашы, жан-жақты өнерпаз адам болған. Бәйгіге ат жаратып қосқан, ит жүгіртіп, құс салған саяткер, сейіс адам екен. 

Кеңес өкіметі тұсында басшылық қызметтер атқарып, туған ауылын отырықшылдыққа, тұрақты қоныс табуға уағыздап, сол үшін жұмыстанған. Бір тайпа елді Қоғалы көл, Қоңырсай, Сулы көл, Наршөккен атты шұрайлы мекендерге қоныстандырған. Алайда жалақорлардың арыздарымен ақын 1928 жылы ұсталып, 1930 жылға дейін Ойыл абақтысында болып, 1930 жылы Әулие-ата түрмесіне жіберіледі.

Кезінде Кенже Ақтан, Қашағанның көзін көрген, солардан тәлім алған Зәкәрияның өлеңдері Арқа, Маңғыстау еліне кеңінен жайылған. Оның бірқатар толғаулары 1992 жылы «Қапаста жазылған хаттар» жинағында жарияланды. Сондай-ақ, 1995 жылы жарық көрген «Жырдария» жинағына енгізілді.

 

Дереккөзі: Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.

Шығармалар:

00:06:38

Әмірі күшті жасаған

Зәкәрия САҒЫНДЫҚҰЛЫ

00:07:11

Жазайын жауап толғаудан

Зәкәрия САҒЫНДЫҚҰЛЫ