Ораз ОҢҒАЛБАЙҰЛЫ
Ел басқарушы, әнші-сазгер. Жергілікті тұрғындар арасында алғашқылардың бірі болып Форт-Александровскідегі (Форт-Шевченко) орыс-қазақ мектебінде оқып, орысша білім алған. Уездік кеңседе тілмаш, қызметкер, уезд бастығының жәрдемшісі, Бозашы болысының басқарушысы қызметтерін атқарған. Қазақ балаларының орысша білім алуына еңбектенген. Неміс этнографы Р.Карутцтің Маңғыстау сапарында жолбасшы-тілмәш болған.
Ораз ән шығарған өнерпаз. Оның бір әні «Ораздың әні» деген атпен А.В. Затаевичтің «Қазақтың мың әні» жинағына енген. Затаевич өз еңбегінде «Ораз Оңғалбаев Адай қырғыздарының (қазақтарының) белгілі әншісі» деп, оған үлкен баға береді.
Ораздың «Заманым», «Саржан сұлу» әндерінің әуенін Ш.Ыбырайымұлы, С.Иманғалиев жеткізді.
Дереккөзі: 1. Маңғыстау (энциклопедия). Алматы, 1997.
2. Сегіз арыс Адайым. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2015.
3. С.Назарбекұлы. Тоқтамыс батыр. Алматы, 2015.