Көпбол ДЕМЕСІНОВ
1949 жылы Түрікменстан Республикасының Мары облысы, Иолатан қаласында дүниеге келген. Сәулетші-шебер, әнші, жыршы, шежіреші.
Қазақтың көптеген айтулы тұлғаларының кесенелерін көтерді. Сондай-ақ, әкесі Жөнақыннан үйреніп, Маңғыстау өңіріне тән көптеген тың әндерді, мақам саздарды жеткізді. Олардың арасында А.Керейұлының «Қаражан», Ә.Өтеғұлұлының «Бес Өрдек» әндері, халық әні «Біздің ел қайтушы еді Арқа жайлап...», Қ.Қонаршыұлының жыр күйі т.б. бар.
Дереккөзі: Маңғыстау (энциклопедия). Алматы, 2008.