Атабай ҚОРҚЫТБАЙҰЛЫ
1914 жылы бұрынғы Маңғышлақ уезі, Форт-Александровск қаласында туған. Халық ақыны, жыршы, күйші.
Молдадан сауат ашып, зеректігінің арқасында жастайынан бала оқытумен айналысады. 1942 жылы ауылдық кеңес хатшылығы қызметінде жүрген жерінен ұсталып, «халық жауы» деген айыппен сотталады. Түрмеде көптеген өлең-жырлар шығарған. Оларының көбі жоғалып кеткен. А.Қорқытбайұлының «Қаржауларға айтқаны», «Қалиханды жорта жамандау», «Мұрат Өскінбайұлына шақырту-өлең», «Не пайда?..» жыр-термелері сақталған.
Дереккөзі: Баба сарын бабауы (Маңғыстау өнер шеберлерінің антологиясы). Алматы, 2016.