Бүркітбай КЕРЕЛБАЙҰЛЫ
1902 жылы Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылында туған. Жыршы, шежіреші. Маңғыстаулық ақын-жыраулар Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Аралбай, Елбай, Сәттіғұлдардың шығармаларын, сонымен қатар «Ноғайлық» аталатын ерлік жырын жетпіс жыл бойы жырлап өткен айтулы өнерпаз. 1966 жылы Сәттіғұл Жаңғабылұлының 100 жылдығына арналған облыстық жыршылар байқауының жеңімпазы.