Рейім ҚҰРМАНТАЙҰЛЫ
1926 жылы Маңғыстауда туған. Кеңес өкіметінің солақай саясатының қырсығынан отбасы Орта Азия аймағына қоныс аударады. Рейім жастайынан Бесқаладағы белгілі жыршылар мен әншілердің өнеріне сусындап өсті. Әкесінің ағасы Сақтаған жырау, Сүгір, Беркімбек, Жарқынбек, Бүркітбай сияқты жыршы, жыраулар орындаған халық дастандарын, эпостарын тыңдап, үйренді. Оның жыршылыққа шындап бет бұруына 1948 жылы атақты жырау Сүгір Бегендікұлымен кездесуі, онымен көрші-ауылдас болуы көп ықпал етті.
Дереккөзі: Балқан тауға барған ел (Маңғыстау қазақтары – түрікмен жерінде). Энциклопедиялық жинақ. Құрастырған – М.Жетекбаев. Ақтау, 2006.