Тұрарбек НҰРМАҒАНБЕТҰЛЫ
1909 жылы Бозашы түбегіндегі Тұщықұдық жерінде туған. Жыршы, соғыс және еңбек ардагері.
Бала кезінен ауылына келіп жыр айтқан Қашаған, Сәттіғұл ақындардың сөздерін тыңдап өседі. Әкесі Тұрарбекке атақты ақындардың шығармаларын тыңдатып қана қоймай, ертеңгі шәй үстінде түндегі естіген сөзін айтқызып, ерте жастан жыршылық, құймақұлақтыққа баулиды.
1945 жылы соғыстан келгесін, Үстіртте жылқы бағады. Сол жылдары Ақтөбе облысының Байғанин, Шалқар аудандарының малшыларымен қоныстас болып, аталған аймаққа да жыршылығымен танымал болады.
Еңбектегі табысы үшін «Еңбек Қызыл ту» орденімен марапатталған.