Maqamsaz

Балғабай АМАНОВ

1910 жылы бұрынғы Маңғышлақ уезінің орталығы Форт-Александровск қаласында туған. Жыршы. Өткен ғасырдың 30-жылдарында Түрікменстанға қоныс аударып, Мары облысының Кушка ауданындағы Чемонобид ұжымшарын мекендейді. Сол жерде Уәли, Әділхан т.б. өнерпаздармен бастас болып, өнер көрсетеді. Дүйсенбай жыршының күрделі мақам-саздарына шалдықпай салатын, батырлық дастандарды шебер орындаушы. Ағасы Нұрмұхан да белгілі жыршы болған.

 

Дереккөзі: Баба сарын бабауы (Маңғыстау өнер шеберлерінің антологиясы). Алматы, 2016.

Шығармалар:

00:04:29

Ер Тарғын

Халық жырлары

00:02:44

Тобаниязға

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ