Maqamsaz

Дәнебай НҰРЖАНОВ

1913 жылы бұрынғы Маңғышлақ уезінің Сенек елді мекенінде туған. Ақын, жыршы.

Д.Өзекенұлы – жырды Дүйсенбай Оразымбетұлының «Қомпылдақ», «Танаубай» т.б. күрделі саздарына нақышына келтіріп салып айтқан кең тынысты жыршы. Жасынан өлең-жырға құмартып Зәкария, Өмір, Нұрым, Сәттіғұл ақындардың шығармаларын насихаттайды, өзі де жанынан өлең шығарады.

1930 жылдары түрікмен жеріне қоныс аударып, 1964 жылы атажұртына оралады. Оның 1942 жылы майданнан әкесіне жазған өлең-хаты мен халық емшісі Қанатбай сынықшыға шығарған арнауы сақталған.

 

Дереккөзі: Баба сарын бабауы (Маңғыстау өнер шеберлерінің антологиясы). Алматы, 2016.

Шығармалар:

2:55

Ит жұты

Өмір ҚАРАҰЛЫ

7:37

Абдолла, Әбді хазіреттерге

Сәттіғұл ЖАҢҒАБЫЛҰЛЫ