Елдос ЕМІЛ
1975 жылы Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында дүниеге келген. Жыршы, термеші, күйші, әнші, өнер зерттеуші.
Қазақ Ұлттық консерваториясын және сол оқу орнының аспирантурасын бітірген. Аспирант атана жүріп, сол жерде қызмет атқарды.
Орта Азия елдерін аралап, көптеген тың деректер тауып, нотаға түсірді. Маңғыстаудың дәстүрлі музыкалық өнерін Қазақстан мен шет елдерге тынбай насихаттады, түрлі жобаларға енгізді.
Е.Емілдің «Аманат», «Қара өлең» дыбысжазбалық жинақтары – жоғары орындаушылық шеберлік пен жыр саздарын дамытушылықтың ерекше үлгісі.
Дереккөзі: Баба сарын бабауы (Маңғыстау өнер шеберлерінің антологиясы). Алматы, 2016.