Абдол НЫСАНҰЛЫ
1941 жылы Маңғыстаудың Қызылөзен ауылында туған. Жасынан өнерге жақын болып халық арасында әнші, жыршы, күйші ретінде танымал болды. Оның өнеріне риза болған Сүгір жырау Бегендікұлы батасын беріп, өзінің шәкірті болуды ұсынған. Көп уақыт белгілі күйші, жыршы, композитор Мұрат Өскенбайұлымен бірге ел аралап, жыршылық өнерін үйренген. Мұраттың сазымен жыр-терме орындайтын бірден-бір өнерпаз болған. Мұхит, Ғарифолла әндерін шырқап Мұрат, Әлқуат, Алым сынды айтулы шеберлердің де батасын алған.
Дереккөзі: Баба сарын бабауы (Маңғыстау өнер шеберлерінің антологиясы). Алматы, 2016.