Амандық КӨМЕКОВ
1956 жылы Түрікменстан Республикасы, Шарджоу қаласында туған. Жыршы, ҚР Мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның құрметті профессоры, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы. Халықаралық Махамбет сыйлығының, «Батыр шапағаты» медалінің иегері.
А.Көмекұлы Маңғыстау ақын-жырауларының шығармаларын насихаттаушы. Сондай-ақ оның репертуарында еліміздің басқа аймақтарының ән-жырлары баршылық. Бұрынғы КСРО, шет елдерде өткен байқаулар мен фольклорлық фестивальдердiң бірнеше дүркін лауреаты. «Ғасырлар сазы» өнер шеберлерінің антологиясына («алтын» диск) енген. Вашингтонда өткен «Жібек жолы» халықаралық фестивалінде «Certificate of Appreciation» сертификатын алды.