Maqamsaz

Ұзақбай ҚАЗЖАНҰЛЫ

Маңғыстау, Хорезм, Балқантау өңірлерінің халқына жыр кестелеген атышулы айтқыш, төкпе жырдың перені Ұзақбай жырау 1893 жылы Маңғыстаудағы Бұрмаша мекенінде туған. Жас кезінен Өмір Қараұлы, Қисықбас Ғафурұлы, Қашаған Күржіманұлы сынды атақты ақындармен кездеседі, олардан үлгі-өнеге алады. Ол Ақтан, Нұрым, Өмір, Қисықбас, Қашаған шығармаларын, Ноғайлық жырларын ел арасында жырлап, халық әндерін орындайды. Сүгір жырау Бегендікұлымен сапарлас, сыйлас болады.

Ұзақбай жырау Маңғыстауда кеңес өкіметі орнағанда ауылдық кеңес төрағасы қызметін атқарған.  30-жылдары қуғын көріп, өмірінің біраз бөлігін түрікмен жерінде өткізеді. 1963 жылы атакүлдігіне көшіп, Қызылсайды қоныстанады.  1976 жылы сол жерде қайтыс болады.

Ол өз шығармаларын арабша жазбаға түсіріп, артына мұра етіп қалдырған. «Әнестен бергі тарихтан», «Өткен Пайғамбар-шайхылар тарихынан» т.б. шежірелік көлемді дастандары сақталған.

 

Дереккөзі: Менің атым – Ұзақбай. Құрастырғандар – Ә.Мәткеров, С.Құдайберген. Алматы, 2011.

Фотодерек: Қуанбай Әлиев.

Шығармалар:

10:25

Өткен пайғамбар, шайхылар тарихынан

Ұзақбай ҚАЗЖАНҰЛЫ