Әспенбет ҚАЛИЕВ
1925 жылы Маңғыстаудағы Айрантақыр мекенінде туған. Халық ақыны, жыршы.
Отызыншы жылдардың зобалаңында отбасы Түрікменстанның Бегдашы поселкесіне қоныс аударады. Әкесі Сәтей өзіндік бірегей мақам-сазы бар белгілі жыршы болған. 1966 жылы Ералы поселкесіне көшіп келіп, мұнай-газ іздестіру саласында қызмет атқарады. Ә.Сәтейұлының «Нұрдәулет пен Шайхыға» т.б. арнау, термелері сақталған.
Дереккөзі: Баба сарын бабауы (Маңғыстау өнер шеберлерінің антологиясы). Алматы, 2016.