Maqamsaz

Қожали МЕКЕНОВ

1908 жылы Маңғыстаудың Таушық ауылында туған. Жыршы, жасынан молдадан сауат ашқан, емшілік қасиеті болған. 30-жылдардың зобалаңында «молданың баласы» ретінде қудаланып, Түрікменстанның Бекдаш аймағына бас сауғалайды. Өмірінің біраз бөлігін ағайыны болып келетін М.Өскенбаевтың қасында, жыршылық өнермен өткізеді. Өзіндік орындаушылық мәнері бар, төселген жыршы.

 

Дереккөзі: Баба сарын бабауы (Маңғыстау өнер шеберлерінің антологиясы). Алматы, 2016.

Шығармалар:

00:15:15

Өткен ақын-жыраулар туралы

Мұрат ӨСКЕНБАЙҰЛЫ