Maqamsaz

Үбіғали БАҚТЫҒАЛИҰЛЫ

1925 жылы қазіргі Ақтөбе облысы аумағындағы Алтықарасу-Кенжалы деген жерде дүниеге келген. Жыршы, халық ақыны, шежіреші. Адайдың Шоғы (Қырықмылтық) тармағынан.

Бақтығали отбасы 1929-30 жылдары кеңестің зорлық-зомбылығына ұшырап, Түркменстанның Ташауыз облысында тұрақтап қалады. Үбіғали сол жерде оқып, білім алып, әртүрлі шаруашылық саласында жұмыс істейді. 1988 жылы зейнеткерлікке шығып, Алматы облысына көшіп келеді.

Ү.Бақтығалиұлы жастайынан қазақ халқына ғана емес, Орта Азия елдеріне танымал Мұса, Сүгір, Ұзақбай, Тәжік, Бүркітбай, Құдайберген, Хайрулла сияқты жыршы, жыраулармен кездеседі. Солардың дәстүрімен жыр айтады, терме-толғаулар шығарады. Оның әр жылдары жарық көрген «Шежіре, жыр-дастан, толғаулар» (1999), «Атамұра» (2000), «Бабалар баяны» (2004) кітаптарында жадындағы және үнтаспадағы әдеби мұралары мен өз шығармалары топтастырылған.

 

Дереккөзі: Қ.Сыдиықұлы. Елеулі есімдер, бағалы басылымдар.

Шығармалар:

00:55:57

Қобыланды батыр

Халық эпосы

1:52:03

Қарасай, Қази

Халық жырлары