Maqamsaz

Сержан ШӘКІРАТ

1939 жылы Маңғыстауда дүниеге келген. Күйші, Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивальдарының бірнеше дүркін лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, «Құрмет» орденінің иегері.

Мамандығы журналист болса да, бала кезінен қасиетті қара домбыраға құмар болып, ағасы Алым Жаңбыршин, Шамығұл Ыбырайымұлы, Мұрат Өскенбайұлы сынды домбырашылар тартқан күйлерді бойын сіңіріп өскен. Сондай-ақ Қашаған, Дүйсенбай, Ақтан, Нұрым, Өришан, Қожақай бақсының жыр күйлерін (мақам-саздарын) жеткізуші.

С.Шәкірат Маңғыстау күй дәстүрін КСРО, шет елдерге насихаттады. 1985 жылы Ленинград этнографиялық институтында, Черкасов атындағы театр, кино, музыка институтында лекция-концерттер өткізді. 1987 жылы Самарқанда өткен халықаралық музыка симпозиумына қатысты.

Маңғыстаудың күй мұрасын өскелең ұрпаққа үйретуге көңіл бөліп, Ақтаудағы балалар өнер мектебінде, Маңғыстау өнер колледжінде «Маңғыстау саздары» класын жүргізді, Астана музыка академиясы мен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында шеберлік сабақтарын өткізді.

Шығармалар:

00:02:03

Күй басы

Қартбай ҚАЛҚАМАНҰЛЫ