Жүзбай АМАНОВ
1888 жылы Маңғыстауда туған. Күйші-домбырашы, қолөнер шебері. Өткен ғасырдың 50-жылдары Шевченко аудандық халық аспаптары оркестрінің құрамында облыстық, аудандық көркемөнер байқауы мен фестивальдеріне қатысқан.
Халық күйі «Нар идірген», Есбайдың «Бөгелек», «Терісқақпай», «Өттің, дүние», «Әләйім жалған» күйлерін, Есірдің «Ақжармасын», «Күнтайды», Қартбайдың «Күйбасын» т.б. күйлерді өте шебер орындаушы ретінде көпшілікке танымал болған.
Оның күй орындаушылық шеберлігін баласы Рамазан Аманов жалғастырды.
Дереккөзі: Р.Қарғабай. Ақкетік – өнер ордасы. Алматы, 2018.
Фотодерек: Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатының қоры.