Maqamsaz

Қарағұл ҚОНАРШЫҰЛЫ

Қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Ақшелек деген жерінде туған. Күйші-домбырашы, сазгер, жыршы, әнші, «Адайдың жеті қайқысы» мен «бес жүйрігінің» мұраларын кейінгіге жеткізуші. Кеңес өкіметінің тұсында Адай уезі, Әли-Бәйімбет болыстық революциялық комитетіне қарасты Жанақ ауылдық ревкомының хатшысы қызметін атқарған.

7-8 жасынан домбыра ұстап, ағасы Назар күйшіге ілесіп, Есбай, Арал, Өскінбай, Тәңірберген, Қартбай күйшілермен кездесіп, күй үйренген. «Жеті қайқының» бірі Әділ Өтеғұлұлымен көршілес көшіп, шығармаларын өз аузынан жаттаған. Өзі де жанынан күй шығарған. «Ақ саусақ», «Қазақстанның 40 жылдығына», «Өзгерген өңір» т.б. күйлері белгілі.

 

Дереккөзі: 1. Баба сарын бабауы (Маңғыстау өнер шеберлерінің антологиясы). Алматы, 2016.

2. А.Қуанбай. Бек сауытты Ер Жанақ және ұрпақтары. 

Шығармалар:

00:01:15

Қақпалы ақжелең

Құлшар ЕРНАЗАРҰЛЫ

00:01:12

Бас күй

Құлшар ЕРНАЗАРҰЛЫ

00:02:13

Сайра, бұлбұл!

Құлшар ЕРНАЗАРҰЛЫ

00:01:50

Бұқтым-бұқтым

Құлшар ЕРНАЗАРҰЛЫ

00:01:48

Қартбай-ақжелең

Қартбай ҚАЛҚАМАНҰЛЫ