Maqamsaz

Алым ЖАҢБЫРШИН

1925 жылы Гурьев облысы, Маңғыстау ауданының Калинин ауылдық кеңесінде (қазіргі Маңғыстау облысының Ақшымырау ауылы) туған. Күйші-домбырашы, сазгер.

5 жасында Жыңғылды ауылына көшіп келеді. Мектептегі домбыра үйірмесіне қатысып, сол ауылда тұратын атақты домбырашы Шамығұл Ыбырайымұлынан күйшілік шеберліктің қыр-сырын үйренеді. Аз уақытта аудандық, облыстық байқауларда, республикалық олимпиадада топ жарады.

Домбырашылық өнерін соғыстан кейін, ҚазМУ-дың студенттік оркестрінде қайта жалғастырады. Қ.Жантілеуов, Л.Мұхитов, Р.Омаров тартқан күйлерді үйреніп, олардың орындаушылық мәнерін меңгереді. Сол жылдары Алматыдағы үлкен концерттерде жеке өнер көрсетеді.

1958 жылы оқуын бітіріп, Маңғыстаудағы түрлі партия-кеңес, халық шаруашылығы салаларында жауапты қызметтер атқара жүріп, халық арасында шебер домбырашы ретінде белгілі болды. Өз жанынан «Ағама», «Шалқыма» атты күйлер шығарған.

 

Дереккөзі: 1. Маңғыстау ( энциклопедия). Алматы, 1997.

2. Өнер көзі – халықта (радиохабар, авторы – Т.Мерғалиев).

Шығармалар:

00:03:02

Тұтақ

Құлшар ЕРНАЗАРҰЛЫ

2:11

Терісқақпай

Құлшар ЕРНАЗАРҰЛЫ

2:53

Ұршық күйі

Құлшар ЕРНАЗАРҰЛЫ

1:51

Қайғылы күй

Ермембет ТҰРҰЛЫ