Maqamsaz

Мырзағұл ПАНАЕВ

1929 жылы қазіргі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Бөрліген қонысында туған. Кәсіби күйші-домбырашы. Жас кезінен ағасы Қалдаяқтан домбыра үйреніп, өнер жолын қуады. Кейін М.Өскенбайұлы мен Ш.Ыбырайымұлын өзіне ұстаз тұтып, олардан көптеген күйлерді үйренеді.

1933 жылы отбасы Түрікменстанның Красноводск қаласына көшіп келеді. Мырзағұл он бес жастан бастап, осы жердегі зауыттарда түрлі қызметтер атқарады. Зауытта қызмет істей жүріп, мәдени вагондар мен «қызыл отаулардағы» көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысады, еңбеккерлерге концерт қойып, ойын-сауық кештерін ұйымдастыру ісіне атсалысады.

1954 жылы Алматы қаласына қоныс аударып, Қазақ мемлекеттік филармониясында, кейінірек «Қазақконцертте» жеке домбырашы болып қызмет етеді. Ол концерттік бригадалар құрамымен Қазақстанның барлық дерлік өңірінде өнер көрсетті. Құрманғазы, Дәулеткерей, Есір, Өскенбай, Құлшар, Дина, Қоңыр, Мұрат т.б. күйші-сазгерлердың күйлерін насихаттады.

 

Дереккөзі: М.Нұретдинов. Маңғыстау күйшілік мектебінің мұрагері – Мырзағұл. «Маңғыстау» газеті, 18.02.2019.

Шығармалар:

00:02:03

Шабыт

Құлшар ЕРНАЗАРҰЛЫ