Maqamsaz

Қорғанбай ӘНДІРҰЛЫ

1915 жылы қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданында туған. Күйші, жыршы, шежіреші. Адай руының Жары Майлан бөлімінен. Сарбас сахи, Мәтжан би, Сәттіғұл ақын, «Адайдың жеті қайқысының» бірі Шолтаман, күйші-сазгер Қартбай жөнінде көптеген әңгімелерді жеткізуші.

12-13 жасында, Қобда өзенінің маңында атақты домбырашы Қартбай Қалқаманұлын көріп, күйін тыңдайды. Осыдан кейін домбыраға аңсары ауған Қорғанбайды, әкесі Сүлеймен деген кісіге апарып, өнерге баулуын сұрайды. Сүлеймен – руы Беріш Қаратоқай, сол кезде Майлан ауылын қоныстанған домбырашы өнерпаз екен. Осы кісіден көптеген ән, күй, жырлар үйренеді.

Өмірінің соңғы отыз жылдан астамын Бейнеу ауылында өткізіп, осы жерде қайтыс болды.

 

Дереккөзі: 1.Сегіз арыс Адайым. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2015.

2.Өз аузынан жазылған өмірбаяндық деректер. 

            

Шығармалар:

00:01:48

Қара жорға

Қартбай ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

00:01:48

Манатау

Қартбай ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

00:02:55

Қартбайдың балбырауыны

Қартбай ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

00:01:34

Ілме

Қартбай ҚАЛҚАМАНҰЛЫ