Бүркітбай ДҮЙСЕНҰЛЫ
1914 жылы қазіргі Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында туған. Жыршы, Сүгір жыраудың шәкірті.
Ауылы ХХ ғ. 30-ж.ж.Түрікменстанның «Тоқтылы ой» жеріне қоныс аударған. Бүркітбай сол жерде ликбезден сауат ашып, ұжымшарда есепші болып жұмыс жасайды. Соғыс уақытында жұмысшы батальонында қызмет етеді.
1947 жылы Сүгір жырауға кездесіп, шәкірті болады. Осыдан кейін жыршылыққа біржола бет бұрады. 1959 жылы Жетісайға көшіп, кейіннен Гагарин қаласына тұрақтап, 1991 жылы дүниеден өтті.
Б.Дүйсенұлы Сүгірдің, Қашағанның, Нұрымның, Аралбайдың,Сәттіғұлдың, Құдайбергеннің т.б. шығармаларын халық арасында кеңінен насихаттады. Сағын, Рейім, Ақсұлтан, өзінің қызы Дариға сынды шәкірттерді тәрбиелеп, қазақтың жыршы-жыраулық дәстүрінің жалғасуына зор үлес қосты.
Дереккөзі: 1. Маңғыстау (энциклопедия). Алматы, 1997.
2. Дариға Бүркітбайқызының дерегі.