Maqamsaz

Нота

Ақсақ құлан-Жошы хан. Құлан сарыны

Ертеде Жошы ханның баласы қызыл шекпенін киіп, мылтығын қолына алып, нөкерлерімен құлан атуға шығады. Көп құланның ішінен бір ақсақ құлан бөлініп шығып, жер тебінгенде, айналаны қараңғы тұман басады. Тұман арасынан «Қу шоқайлыдан қаша жүріңдер, қызыл шекпендінің үстін баса жүріңдер» деген дауыс естіледі.

Тұман сейілгеннен кейін қараса, құландар да, хан баласы да жоқ. Нөкерлер хан баласының жалғыз шынашағын ғана тауып алады. Құлан таптап кеткен екен.

Хан қайғыланып, «Кімде-кім «балаң өлді» деп келетін болса, көмейіне қорғасын құямын» – деп жарлық етеді. Мұны естіген халық, ханға баласының өлімін естіртуге қорқады. Сонда Ноғайлыдан шыққан Кербұқа деген домбырашы тәуекел етіп, хан сарайына келіп, домбыра тартады. Тартқаны құланның жүрісі екен.

 

Автор: Кербұқа

Орындаушы: Мұрат ӨСКЕНБАЙҰЛЫ