Maqamsaz

Нота

Ақсақ құлан-Жошы хан. Естірту

Кербұқа құланның жүрісін тартқанымен, хан басын көтерместен жата береді.

Домбырашы әрі қарай толғайды. Домбыра «Балаң өлді, Жошы хан» деп күңіренеді.

Сонда хан басын көтеріп алып:

–Әй, сенің тартар күйің емес, менің естір күйім емес  екен бұл.  «Балаң өлді, Жошы хан» деп тұр ғой мына күй, –дейді. Сол уақытта Кербұқа:

–Тақсыр-ай, балаңыздың өлгенін өзіңізден естіп тұрмын,– дейді.

–Өз қолымнан өлтірер едім, әттең, мынау сөз тауып кетті-ау! Бәлен жерде айдаһар жылан бар. Домбырашыны соның алдына апарып тастаңдар! –деп әмір етеді хан.

Ханның нөкерлері оның қолына домбырасын беріп, аяғына кісен салып, айдаһардың алдына апарып тастайды.

Автор: Кербұқа

Орындаушы: Мұрат ӨСКЕНБАЙҰЛЫ