Maqamsaz

Нота

Ақсақ құлан-Жошы хан. Айдаһармен арбасу

Қаһарлы ханның әмірімен Кербұқа айдаһардың алдына тасталады. Айдаһар адамды көріп, жұтайын деп қасына келгенде, Кербұқа отыра қалып, «Көке, көке» деген жалынышты күй тартады. Сонда, айдаһар күй біткенше тыңдап жатқан екен. Күй аяқталған соң, ініне кіріп, ат басындай алтынды домбырашының алдына домалатып әкеліп тастайды.

Кербұқа алтынды құшақтап еліне қайтады. Ол ханның қаһарынан  да, айдаһардың аузынан да, осылайша аман құтылып, мұратына жеткен екен.

Автор: Кербұқа

Орындаушы: Мұрат ӨСКЕНБАЙҰЛЫ