Шоқай
Өскенбай аң аулап жүріп «Қансу» құдығының басында отырған жалғыз үйге түседі. Үйдегілер шоқай киген күйшіні танымай, қонағуарлық көрсетпейді.
Түнімен тоңып жайсыз жатқан Өскенбай ерте тұрып, ысытқан көжеден ауыз тиеді де, бәйбішеге қарап түнде көрген қорлығын өлеңмен ақтара жөнеледі.
Үй адамдары аң-таң болып, қала береді.
...Қыс өте Өскенбай сол үйге қайта соғады. Үй иелері күйшіні танып, ұялып қалады.
Өскенбай осы оқиғаға арнап «Шоқай» деген күйін тартады.