Maqamsaz

Адай тегі

...Бір жылы Ойыл жәрмеңкесінде жүрген Адайлардың үстеріне руы Таз Қожамбетұлы Қашқынбай  ақын тап келіпті. Өзі Адайдың  жиені екен. Үйде отырғандар орын беріп, бір үлкендеу кісі: «Уа, Қашеке, амансың ба? 2-3 жылдан бері  көрінбей кетіп едің, қайда болдың?» – деп сұрапты.

Сонда Қашқымбай жиендігіне салып: «Денім сау-ау, бірақ осы жұрт жайына қарап жүре ме, «нағашың Адайдың әкесі кім?» – деп жүргізбейді. Сосын, мен 2-3 жылдан бері нағашымның әкесін іздеп едім, бірақ таба алмадым», – деп күліпті.

Сол жерде отырған Мәтжан би елеусіздеу далаға шығып кетіп, бір ауылда жыр жырлап жатқан Қашағанды алдыртып, мән-жайды түсіндіреді.

Ертесіне, адайлар Қашаған ақынға  «Адай тегі» жырын айттырады.