Нұрым мен Қашағанның айтысы
Қашаған ақын жас кезінде Нұрым жыраудан бата алмақ боп үш рет барса да, кездесе алмайды. Оны естіген Нұрым риза болып:
– Жасы үлкендігімді бұлдамаймын, – деп Қашағанның ауылына өзі келеді.
Қашаған ауылда болмай шығады. Ақыры екеуі бір тойда кездеседі. Нұрым Қашағанның ақындық дарынын байқау үшін:
– Уа, інім, жас күнімде естіген біраз нәрселерім бар еді, үлкейгесін естен шыға бастапты. Соны сенен сұрап алайын, – дейді.
Айтыс осылайша басталып, Қашағанның Нұрым қойған діни жұмбақтарды шешу түрінде өтеді. Риза болған Нұрым батасын береді.