Тойбастар
Қалнияз ақын оншақты кісі жолдасымен сапарлап келе жатып, Әлім елінде болып жатқан бір тойдың үстінен шығады. Әлім елінің жасы үлкен ақсақалдары бұлардың Адай екенін біліп: «Ей, Адай ағайындар, той үсті жақсы келдіңдер. Іштеріңде той бастағандай өнерпаздарың болса жол сендердікі. Тойды бастаңдар, болмаса артынан өкпелемеңдер», – депті. Сондағы Қалнияздың ат үстінде тұрып айтқан «Тойбастары» екен.