Maqamsaz

Қожалақ батырға

Бір жорық үстінде жау алдынан шолғыншы болып кеткен Орамал Қырықмылтық Қарағұл батыр қапыда жау қолынан қаза табады. Соған күйініп кеткен Нұрбаулы Қырықмылтық Қожалақ батыр қасындағы серіктеріне қарап: «Әй, Адай, енді өз күніңді өзің көре бер!» – деп атының басын кейін қарай бұра береді. Сонда аңтарылып қалған жорықтастарын көріп, Қалнияз ақын Қожалақтың алдынан кесе-көлденең тұра қалып,  осы толғауды толғаған екен.