Maqamsaz

МАҚАМЫ МӘШҺҮР МАҢҒЫСТАУ

«Мақамы мәшһүр Маңғыстау» – Маңғыстау өңіріне тән дәстүрлі музыкалық мұралардың сайты. Бұл мұралар – арнайы әзірленген музыкалық антология немесе музыкалық жинақ материалдары емес, ескінің емескі үні, көне күннің көкірек күмбірі – ел арасынан жиналған дала фольклоры. Сол себепті, өзіне тән қырыл-сырылы, қосарланған қошаметшіл дауыстары бар. Дегенмен, бұндай олқылықтар тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, жүректерін бағзының ыңымен тербетулеріне кедергі болмас деген ойдамыз. Жоба «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылды.