Maqamsaz

Қожа ҒАФУРҰЛЫ

Ақын, Кіші Жүздің атақты биі, ел басқарушы Ғафур Қалбиннің баласы. Жалпы Ғафурдың балалары шетінен өнерпаз болған. Оның бел баласы Қисықбас та, Әминінен туған Асаны да есімі белгілі тақтақтар.

Қожа түздік милицияның құрамында патша өкіметінің Ахалтеке жорығына қатысқан. Жорықта жараланып, кейін соның зардабынан қайтыс болған. Өле-өлгенше оған 8 сом зейнетақы төленіп тұрған.

Қожадан атақты дін ғұламасы Әбді ахун туады. Оның баласы Қайролла да түрікмен жерінде қоныс тепкен белгілі жыршы.

Қожа Ғафурұлының белгілі Бегей Қалым жыраумен айтысқаны мәлім. Өкінішке орай, кейбір үзіктері болмаса, бізге айтыс толық жетпеді. Өмірден ерте озған жампоз жыраудың артында қалған жалғыз жәдігер – «Шапқын» дастаны.

 

Дереккөзі: Тіл барында сайрайын (Адай Қырымқұл ауылынан шыққан ақын-жыраулар шығармалары). Алматы, 2012.

Шығармалар:

00:12:22

Шапқын

Қожа ҒАФУРҰЛЫ